Облыста COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 456 адамға жетті
Коронавирус инфекциясының жаппай таралуына байланысты Маңғыстау облысында да карантиндік шектеу шаралары күшейтілді. Бұл туралы облыстың бас санитар дәрігері Ерғали Сыдыманов мәлімдеді.
«Жаңаөзен және Қарақия ауданының аумағындағыэпидемиялық жағдайды ескере отырып,(оның ішінде Рахат, Теңге, Қызылсай, Сенек, Бостан, Құланды, Болашақ ауылдарында) 2020 жылғы 25 маусым сағат 00:00-ден 2020 жылғы 13 шілде сағат 07:00-ге дейін карантин режимі және бірқатар шектеу шаралары енгізілетін болады», - деді Е. Сыдыманов.
Жаңаөзен қаласы, Қарақия ауданы және Ақтау арасындағы жолдарда блок-бекет орнатылады. Аталған елдімекендерге халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін көлікке ғана кіруге және кетуге рұқсат етіледі.
Сондай-ақ: