Ертең ТМД мемлекеттері басшыларының кеңесіне қатысады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстанның Душанбе қаласына сапармен барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Президентті халықаралық әуежайда Тәжікстан премьер-министрі Кохир Расулзода қарсы алды.
Бүгін мемлекет басшысы Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізеді және «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысады.
Ертең Қазақстан президентінің ТМД мемлекеттер басшыларының кеңесі отырысына қатысуы жоспарланған.