Бұл туралы ұйымның жоғары лауазымды өкілі журналистерге хабарлаған
Біріккен ұлттар ұйымы қаржыландыру мәселелеріне байланысты әлем бойынша бітімгерлік операцияларға қатысушылар санын 25%-ға азайтуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта бітімгерлік миссияларда қызмет ететін 13–14 мың адам қысқартуға ұшырауы мүмкін.
Ұйым өкілінің мәлімдеуінше, кейбір елдердің төлемдерді кешіктіруі немесе мүлде төлемеуі БҰҰ-ның бейбітшілікті сақтау жөніндегі миссияларының тиімді жұмысына тікелей әсер етіп отыр.
БҰҰ бюджет тапшылығына бірқатар елдердің мүшелік жарнаны төлемеуі себеп болған. Олардың ішінде ең ірі донорлардың бірі саналатын АҚШ та бар.
Қазір Вашингтонның ұйым алдындағы жалпы қарызы шамамен 3 миллиард долларды құрайды, оның 1,5 миллиарды тұрақты бюджет бойынша, ал қалған бөлігі бітімгерлік операцияларға арналған төлемдер.