Олардың бірнеше жыл бұрын түсірілген видеосы тарады
Танымал актер Олжас Абайдың өмірдегі жұбайы туралы желіде мәлімет тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Актер жұбайымен бірге бірнеше жыл бұрын отандық телеарналардың біріндегі бағдарламаға қатысқаны туралы мәлімет тарады.
«Қазіргі уақытты бала бағып, үйде отыр. Дегенмен өнер адамы. Бүгінгі бағдарламада ашыламын деп келді. Сондықтан мен алғаш рет телевизиялық шоуға алып келдім. Бүгін ашылып ән де айтамын, би де билеймін, бәрін көрсетемін деп отыр.
Негізгі мамандығы – әнші» – дейді Олжас Абай бағдарлама барысында.
Бұл видеоны Threads қолданушысы желіде жариялады.
«Олжас Абайдың жұбайы да – өнер адамы. 2016 жылғы «Не хабар?» бағдарламасындағы үзіндіге қарасаң, олардың отбасынан жылулық пен сыйластықтың лебі еседі. Жеңгеміздің көзқарасынан ұяңдық, нәзіктік байқалады, сол бейнені көріп отырып, қазір айтылып жүрген әңгімелерге сенгің келмейді… Адамның талғамы уақыт өте өзгере ме, әлде ақшаның буы мен атақтың әсері ме? Әлде расымен «Жәудіреген бір сенің көзің үшін» деп қос ғашық бәрін махаббат жолында құрбан етіп тұр ма? Әлде бәрі хайп па?» – деп жазды ол.
Айта кетейік, осыған дейін актриса Дариға Бадықованың күйеуі, актер Дархан Мұсаев жұбайымен неліктен ажырасып кеткенін, сол сияқты Олжас Абайдың оған қатысы жайлы – бәрін ашық айтқан.