$ 540.06  628.25  6.61
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда биыл қанша киік ауланғаны белгілі болды (ВИДЕО)

Қазіргі уақытта киік санын реттеу үшін 10 бригада жұмылдырылғаны анықталды

Қазақстанда биыл қанша киік ауланғаны белгілі болды (ВИДЕО)
Фото: istockphoto.com

Экология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары Жомарт Әлиев бүгінге дейін қанша дана киік ауланғанын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Вице-министрдің айтуынша, ауланған киіктің еті толықтай ет комбинатына тапсырылған.

«Қазіргі уақытта 88500 дана киік ауланды. Олардың бәрі ет комбинатына тапсырылды. Қазір 20 адамнан тұратын 10 бригада реттеу жұмысын жүргізіп жатыр. Бес аймақта реттеу жүргізілуде», – дейді Экология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары Жомарт Әлиев.

Айта кетейік, осыған дейін көктемгі санақ бойынша Қазақстанда киік саны 4 миллионға жуықтағаны, оның популяциясын реттеу үшін Экология министрлігі шамамен 800 мың киікті атуы мүмкін екені хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары