Петропавлда 83 жастағы әжей өз пәтерінде қиын жағдайға ұшырады

Автор: Мөлдір Қазыбай

Оқыс оқиға Петропавл қаласындағы Горький көшесінде болды

Фото: ҚР ТЖМ

Петропавл қаласында 83 жастағы әжей өз пәтерінде қиын жағдайға ұшырады, оған құтқарушылар көмекке келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Құтқарушылар қарт кісіге көмекке келді. Оқыс оқиға Петропавл қаласындағы Горький көшесінде болды.

ҚР ТЖМ мәліметінше, көпқабатты үйдегі пәтерден егде жастағы әйелдің даусын естіген көршілері бірден құтқарушыларға хабарласқан.

«ТЖМ қызметкерлері альпинистік жабдықтарды пайдалана отырып, 4-ші қабаттың балконынан 3-ші қабатқа түсіп, пәтерге балкон арқылы кірді.

Пәтер ішінде орнынан тұра алмайтын 1942 жылы туған әйел табылды. Оны жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды», - делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.