$ 541.63  632.24  6.61
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодар облысында жыл басынан бері жүздеген адамды көлік қағып кетті

Салдарынан 10 адам қаза тапқан

Павлодар облысында жыл басынан бері жүздеген адамды көлік қағып кетті
Фото: istockphoto.com

Павлодар облысында жыл басынан бері 253 жаяу жүргіншіні көлік қағып кеткені анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, күн сайын рейдтер мен жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында тәртіп сақшылары жол жүру ережесін неғұрлым өрескел бұзушылықтарын анықтауға бағдарланған.

«Статистика көрсеткендей, жаяу жүргіншілердің тәртібі көп нәрсеге себеп болады. Жолды белгіленбеген жерде немесе бағдаршамның тыйым салынған белгісінен өту әрекеттері – ең жиі бұзушылықтардың бірі. Жыл басынан бері облыс жолдарында 253 жаяу жүргіншіні қағып кету тіркелді, онда 10 адам қаза тауып, 280 адам түрлі жарақат алды», – деп түсіндірді Павлодар облысы ПД.

Полиция жаяу жүргіншілер жол қозғалысына қатысушылардың ең осал санаттарының бірі екенін еске салады . Жүргізушілермен салыстырғанда олар физикалық тұрғыдан қорғалмаған және олардың қатысуымен болған ЖКО көбінесе қайғылы жағдайға айналады.

Серіктес жаңалықтары