Министр келесі жылы «Челсиге» ауысатын Дастан Сәтбаевтың Қазақстанда оқитынынан үмітті

Автор: Асыл Арман

Осыған дейін «Қайраттың» қос қақпашысына ЖОО-ға білім гранты табыс етілді

Фото: instagram/d.satpayev

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек келесі жылы «Челсиге» ауысатын Дастан Сәтбаевтың Қазақстанда оқитынына үмітті екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ведомство басшысы «Қайраттың» талантты қақпашылары – Темірлан Анарбеков пен Шерхан Қалмұрзаға ЖОО-ға білім грантын табыс етті.

Осыдан кейін ол келесі жылы Лондонның «Челси» командасына ресми түрде ауысатын Дастан Сәтбаевқа қатысты да ойын ашық жеткізді.

«Дастан Сатпаевтың да біздің жоғары оқу орындарының біріне түсетініне үміттіміз. Оның жасы бар болғаны 17-де», – деп жазды Саясат Нұрбек Telegram каналында.

Айта кетейік, осыған дейін Саясат Нұрбек қақпашы Шерхан Қалмұрзаны ақылы бөлімнен грантқа ауыстырғаны туралы хабарланған болатын. Сол сияқты Темірлан Анарбековке де ЖОО-ға білім грантын табыс етті.