$ 541.63  632.24  6.61
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Қайраттың» тағы бір қақпашысы Темірлан Анарбековке де ректорлық грант берілді

Ол келесі жылдан бастап оқуға түсе алады

«Қайраттың» тағы бір қақпашысы Темірлан Анарбековке де ректорлық грант берілді
Фото: «Қайрат» ФК

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Қайрат» футбол клубының қақпашысы Темірлан Анарбековке білім грантын тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Марапаттау рәсіміне алдағы ойындарға дайындыққа байланысты марапатқа тек Шерхан Қалмырза ғана қатыса алды.

«Біз Темірлан Анарбековты 2026 жылдың қаңтарынан бастап Қазақ спорт және туризм академиясының студенті болуға шақырдық.

Біз талантты жастарды барынша қолдауға тиіспіз – мейлі ол спортта, ғылымда немесе өнерде болсын. Темірлан мен Шерханның үлгісі көптеген студенттерге оқу мен спортты қатар алып жүруге, мақсатқа жетудің еңбексіз болмайтынын дәлелдеуге шабыт береді», – деп жазды министр Telegram хабарламасында.

Айта кетейік, осыған дейін Саясат Нұрбек қақпашы Шерхан Қалмұрзаны ақылы бөлімнен грантқа ауыстырғаны туралы хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#грант #Қайрат ФК