$ 541.63  632.24  6.61
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

TALIS-2024 зерттеуі: Қазақстанда 71 пайыз ұстаз жұмысына қанағаттанатынын айтты

Депутат зерттеудің нәтижесін жариялады

TALIS-2024 зерттеуі: Қазақстанда 71 пайыз ұстаз жұмысына қанағаттанатынын айтты
Фото: istockphoto.com

Парламент Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Асхат Аймағамбетов  TALIS-2024 атты ең ірі халықаралық зерттеудің нәтижелері жарияланғанын мәлім етті, деп хабарлйды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, бұл нәтижелер – Қазақстанда мұғалімге деген көзқарастың шын мәнінде өзгеріп келе жатқанының ғылыми әрі өмірлік дәлелі.

«Сол кезде біз айтқанбыз: бұл заңның әсері бірден байқалмайды, оған уақыт қажет. Енді міне, сол уақыт келді, заң өз тиімділігін дәлелдеді. Алдағы жылдары бұл әсер одан да айқын болады деп сенемін», – дейді депутат.

TALIS-2024 зерттеуі не көрсетті:

Мұғалімдердің жүктемесі бұрын-соңды болмаған деңгейде азайды. 2018 жылмен салыстырғанда қазақстандық педагогтердің жұмыс аптасы 14 сағатқа қысқарып, орта есеппен 36 сағатты құрайды. Бұл – қатысушы елдер арасындағы ең елеулі жетістіктердің бірі.

Педагогтер әкімшілік жұмыстарға аз, ал оқыту мен ата-анамен байланысқа көбірек уақыт бөле бастады.

  • Мектепке жұмысқа орналасқан магистрлердің үлесі үш есеге артты;
  • 71% мұғалім өз жұмыс жағдайына қанағаттанатынын айтты (2018 жылы – 51%), бұл ОЭСР орта көрсеткішінен (68%) жоғары;
  • 80% мұғалім егер қайта таңдау мүмкіндігі болса, осы мамандықты қайта таңдаған болар еді (2018 жылы – 67%);
  • Жалақысына қанағаттанған педагогтердің үлесі екі есеге жуық өсті – 39%-дан 71%-ға дейін.
  • 82% педагог өз еңбегі қоғамда бағаланады деп санайды;
  • 73% – бұл туралы БАҚ-та оң пікір бар дейді;
  • 58% – саясаткерлер арасында да құрмет артқанын атап өтті.

«Ең қуаныштысы – жас мамандардың көзқарасы: олардың 78%-ы педагогикалық қызметті саналы түрде өмірлік басымдық деп атаған. Бір кезде біз «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлегенде, TALIS 2018 деректеріне де сүйенген едік.

Енді TALIS-2024 біздің бағытымыз дұрыс болғанын көрсетіп отыр. Сапалы талдау жүргізген А.Байтұрсынұлы атындағы орталығына алғыс айтамын», – деді «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі.

Серіктес жаңалықтары