Қазақ футболының аңызы жас таланттардың қателігі жайлы айтты
«Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға болашақ қайынатасы, қазақ футболының аңызы, «Жетісу» командасының бас бапкері Самат Смақов ақыл айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол «болашақ күйеу баласына» журналистерден аулақ жүруді кеңес етіпті.
«Аға буын өкілі ретінде оған көбірек ақыл айтқым келеді. Шынымды айтайын, оған БАҚ өкілдерімен байланыс орнатпау, ешқандай бағдарламаға қатыспау жөнінде ақылымды айттым. Ол әлі тым жас.
Қарапайым ғана мысал ретінде Еркебұлан Сейдахметті алайық. «Уфаға» ауысқаннан кейін оның жұлдызын сөндіріп тастадық. Сол кезде Еркебұлан туралы бәрі жазды – оның тіпті дәретханаға барғанына дейін, ішкен коласына дейін. Түптеп келгенде енді ғана ашылып келе жатқан талантын сөндіріп тастадық», – дейді Самат Смақов.
Айта кетейік, осыған дейін жас қақпашының 1,5 жылдан бері Самат Смақовтың қызы Самирамен көңіл жарастырып жүргені туралы хабарланған болатын.