Іс-шара Қарттар күніне орай өтті
Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев ауданына қарасты Булаев қаласында Қарттар күніне орай ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Іс-шараға Мағжан Жұмабаев ауданының 17 ауылдық округтері мен Петропавл қаласынан келген «Солтүстік» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі қатысты.
Келушілерге жаңа және сапалы өнімдердің кең таңдауы ұсынылды:
Жәрмеңке қала тұрғындары мен қонақтарының басын қосты. Сатып алушылар жергілікті өндірушілердің өнімдерін тиімді бағада қуана сатып алып, іс-шараның көңілді етуіне септігін тигізді.