Павлодар облысының бір ғана Ақсу қаласында 100-ден астам мас жүргізуші ұсталды

Автор: Асыл Арман

Полиция департаменті жыл басынан бері мас жүргізушілерді қолға түсірді

Фото: istockphoto.com

Павлодар облысының шағын ғана Ақсу қаласында жыл басынан бері 100-ден астам мас жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Айнакөл ауылында қызмет атқару барысында Бейбітшілік көшесі бойынша патрульдеу бағыты бойынша таңертең полиция қызметкерлері Hyundai маркалы автокөлікті тоқтатты. Құжаттарын тексеру барысында жүргізушіден алкогольдің өткір иісі шығып тұрды.

Жүргізуші куәландырудан өту үшін дереу медициналық мекемеге жеткізілді. Медициналық куәландыру ер адамның денесінде алкогольдің болуын растады. 

«Көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Автомашина мамандандырылған тұраққа қамалды. Ал материал сотқа қарау үшін берілді», – деп атап өтті Ақсу қаласы ПБ бастығының міндетін атқарушы Айдар Сламбеков.

Жыл басынан бері Ақсу өңірінің аумағында мас күйінде көлік құралдарын басқарған 100-ден астам жүргізуші жауапкершілікке тартылғанын атап өткен жөн.

Тәртіп сақшылары азаматтарды жол қозғалысына қатысуға жауапкершілікпен қарауға шақырады және мұндай бұзушылықтар жол қозғалысының барлық қатысушыларының өмірі мен денсаулығына елеулі қауіп төндіретінін еске салады.