Ауа райы болжамы белгілі болды
«Қазгидромет» РМК алдағы бірнеше күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің мәліметіне сүйенсек, алдағы күндері елдің көптеген өңірлерінде солтүстік-батыс антициклонының әсерінен жауын-шашынсыз, ашық ауа райы сақталады. Тек республиканың солтүстігі мен шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі.
Ел аумағында желдің күшеюі, тұман, ал оңтүстік-батыста және оңтүстікте – шаңды дауыл болжанады.
«Түнгі уақытта солтүстік және орталық өңірлерде ауа температурасы 1-7 градус аязға дейін төмендейді, ал күндіз 4-16 градус жылы болады. Шығыс өңірлерде түнде ауа температурасы 5-13 градус аязға дейін төмендеп, күндіз 3-11 градус жылы болады деп күтіледі.
Қалған аумақтарда ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы болжанады», – делінген синоптиктер болжамында.