Алматыда барахолка маңында пышақтасқан ер адамдардың кім екені анықталды
Қазір оларды ұстау шаралары қабылданып жатыр

Алматыда барахолка маңында бір-біріне пышақ ала ұмтылған ер адамдардың кім екені анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға қатысты Алатау аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғаған.
Төбелескендердің жеке басы анықталып, енді оларды ұстау шаралары қабылданып жатыр.
«Әрқайсысының әрекеттеріне жан-жақты тексеру жүргізіліп, тергеу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық баға берілетін болады.
Сонымен қатар, полиция, азаматтарға кез келген даулы жағдайларды тек заң аясында шешу қажеттігін ескертеді.
Агрессия мен күш қолдану – мәселенің шешімі емес және ол қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соғады», – делінген қалалық ПД хабарламасында.
Айта кетейік, осыған дейін Алматыда барахолка маңында жүргізушілер төбелесіп, артынша пышақтасып кеткені хабарланған болатын.