Куәгерлер төбелесті тоқтатпақ болды
Алматыдағы барахолка аумағында екі жүргізуші арасында болған жолдағы жанжал төбелеске ұласты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Куәгерлердің айтуынша, жанжал кезінде ер адамдардың бірі сөмкесінен пышақ шығарып, қарсыласына тап берген.
Оқиға орнына жиналғандар төбелесті тоқтатып, қайғылы жағдайдың алдын алуға тырысқан.
Полицияның мәліметінше, қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.