Төрт облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы Қазгидромет хабарлады

Фото: ашық дереккөзден

25 маусымда еліміздің төрт облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Ақтөбе облысында да найзағай жарқылдап, солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, 18 м/с күтіледі.

Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді. Басым бөлігінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Батыс Қазақстан облысында кей жерлерінде найзағай, бұршақ, солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Сонымен қатар, Орал қаласында 25 маусымда күндіз солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с күтіледі.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-90 %.