$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.06.2020, 21:05
Жаңалықтар

Пневмония - коронавирус инфекциясының көрінісі - ғалым пікірі

Медицина ғылымдарының докторы коронавирус пандемиясы кезінде пневмониямен ауыратындар санының күрт арту себебін түсіндірді

Пневмония - коронавирус инфекциясының көрінісі - ғалым пікірі
Фото: ашық дереккөзден

С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің инфекциялық және тропикалық аурулар кафедрасының профессоры, медицина ғылымдарының докторы Равиля Егембердиева тікелей эфирде коронавирус кезіндегі пневмонияның өршу себебін түсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Қазіргі жағдайда пневмония коронавирустың көрінісі екенін айта аламын. Оларды бөліп-жаруға, мынау коронавирус, ал мынау - пневмония деп айтуға болмайды. Тағы да қайталап айтамын, пневмония - коронавирус инфекциясының көрінісі. Яғни, инфекция тыныс алу жолдары арқылы, бронх арқылы өтіп, өкпеге түсіп кетті және қабыну процесі жүріп жатыр деген сөз. Бұл пневмонияны зерттеу керек, ал пациент ПТР тест тапсырғаны жөн. Бұл коронавирус этиологиясының пневмониясы», - деді профессор.

Ол пневмониямен ауыратындар қандай жағдайда ауруханаға жатқызылатынын айтты. 

«Симптомсыз және жеңіл түрде ауырып жатқандар үй жағдайында емделеді. Ал демікпенің пайда болуы - адам үшін қауіпті. Тыныс алудың бір минуттағы жиілігін өлшеп отыру керек. Қалыпты жағдайда бұл 16-24 аралығында болады. Бұдан жоғары көрсеткіш пен температураның көтерілуі, жөтел мен тыныс алу кезіндегі ауырсыну ауруханаға жатқызуға себеп болады», - деді ол.

Айта кету керек, соңғы кездері Қазақстанның бірнеше өңірінде пневмониямен ауыратындар саны күрт артты.

Серіктес жаңалықтары