$ 547.57  642.63  6.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда биылғы қысқа 35 млн тонна мал азығы дайындалды – АШМ

Мал азығын дайындау жоспары 100 пайызға орындалды

Қазақстанда биылғы қысқа 35 млн тонна мал азығы дайындалды – АШМ
Фото: istockphoto.com

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, елімізде биылғы қысқа 35 млн тонна мал азығы дайындалып, жоспар 100 пайызға орындалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ведомство мәліметінше, 2025-2026 жылдардағы қысқы маусымға дайындық аясында ауыл шаруашылығы жануарларына арналған мал азығын дайындау жұмысы белсенді жүргізіліп жатыр.

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, республика бойынша:

  • 24,7 млн тонна шөп (жоспардың 100,9%-ы),
  • 1,8 млн тонна пішендеме (108,6%),
  • 2,7 млн тонна құрамажем (48,9%),
  • 1,8 млн тонна сабан (88,0%),
  • 3,7 млн тонна сүрлем (79,6%) дайындалған.

Бірқатар өңір жоспарды артығымен орындады

Белсенді жұмыс Солтүстік Қазақстан облысында (125,2%), сондай-ақ Абай, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Алматы, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында, Шымкент қаласында (100%) және Жетісу облысында (104,5%) байқалады.

Мал шаруашылығы үшін жағдай тұрақты

Дайындалған мал азығының көлемі жануарларды толыққанды азықтандыруға, жоспарлы өнім мен төл алуға, сондай-ақ мал басының сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жалпы республика бойынша мал азығымен қамтамасыз ету жағдайы тұрақты.

Серіктес жаңалықтары