Ақмола облысында нөмірсіз көлік қарт кісіні қағып кетті: ол оқиға орнында көз жұмды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Қайғылы оқиға Атбасар ауданында болды

Фото: istockphoto.com

Ақмола облысында 4 қазан күні «Көкшетау – Атбасар» автожолының 176-шақырымында «Toyota Avensis» маркалы көліктің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі Nayza kokshe сайтына сілтеме жасап.

Жол апаты салдарынан шамамен 60-70 жастағы ер адам ауыр жарақат алып, жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған.

Куәгерлердің айтуынша, көлік қара түсті болған және мемлекеттік нөмірі болмаған. Жүргізуші оқиға орнынан ізін жасырған.

Полицияның мәліметінше, қазір аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Мақсат – оқиғаның барлық мән-жайын анықтау және марқұмның жеке басын табу.

«4 қазан күні «Көкшетау-Атбасар» автожолының 176-шақырымында «Тойота Авенсис» маркалы көлік жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Алған жарақатынан ол оқиға орнында көз жұмды. Аталған дерек бойынша тергеу амалдары басталды», — делінген Ақмола облысы полиция департаментінің хабарламасында.