$ 547.57  642.63  6.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы облысында полицей әжейді үйінен күштеп шығарамын деп қабырғасын сындырды (ВИДЕО)

Қазір оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр

Алматы облысында полицей әжейді үйінен күштеп шығарамын деп қабырғасын сындырды (ВИДЕО)
Фото: istockphoto.com

Алматы облысында зейнеткер әйелдің үйінен күштеп шығарылған сәті түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады. Видео авторының айтуынша, оқиға кезінде қарт кісінің бірнеше қабырғасы сынып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға жайлы

Жағымсыз оқиға Өтеген батыр ауылында болған. Полиция оқиға фактісін растады және бейнежазбада көрсетілген қызметкердің әрекеттерін «қабылдауға болмайтын іс» деп атады.

Тергеу шаралары

Қазір осы жағдай бойынша қызметтік тергеу тағайындалды. Полиция басшылығы кінәлі тұлғалар анықталып, жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеді. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, сот шешімімен әйел адамды тұрғын үйінен шығарар кезде осындай оқиға болды

«Әйел адам заңды талаптарды орындамай, соның салдарынан жанжал туындады. Сонымен қатар, полиция қызметкерінің дөрекілікке жол берген іс-әрекеті мүлдем жол берілмейтін жағдай. Бұл факт бойынша қызметтік тергеу тағайындалды. Кінәлілер қатаң жауапкершілікке тартылады. Тексеру барысы – менің жеке бақылауымда. Полиция заң аясында және азаматтарға құрметпен әрекет етуге міндетті», - дейді Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Мейрам Әбікеев.

Серіктес жаңалықтары