Абай облысының полициясы жүргізушілерге ескерту жасады

Автор: Алмас Ерсін

Ауа температурасы төмендеп, жауын-шашынның түсуіне байланысты жолдағы жағдай күрт қиындады

Фото: freepik.com

Абай облысында алғашқы қардың түсуіне байланысты полиция тұрғындарды жолдарда сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy өңірдегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ауа температурасы төмендеп, жауын-шашынның түсуіне байланысты жолдағы жағдай күрт қиындады: қар аралас жаңбыр жауып, жел соғып, жол тайғақ болып тұр», - деп жазылған хабарламада.

Абай облысының полиция департаменті жүргізушілерге мынадай сақтық шараларын қатаң ұстануды ескертті:

  • қысқы дөңгелектерге уақытылы ауысуды жоспарлау;
  • қозғалыс жылдамдығын қатаң сақтау;
  • алдындағы көлікке дейінгі арақашықтықты ұлғайту.

Бұл қарапайым ережелер жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, өмір мен денсаулықты сақтауға көмектеседі.