Солтүстік өңірлерде қар аралас жаңбыр жауады: сенбі күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Синоптиктер болжамы белгілі болды

Фото: freepik.com

«Қазгидромет» РМК сенбі күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік және орталық өңірлерде күздің салқыны күшейеді. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарында жаңбыр қарға ұласуы мүмкін, кей жерлерде көктайғақ пен тұман күтіледі. Астанада түнде 0…+2°С, күндіз +6…+8°С, Көкшетауда күндіз +3…+5°С болады. Петропавл мен Павлодарда да жаңбыр мен қар аралас жауын күтіліп, температура 4-6°С шамасында.

Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында да жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болжанып отыр. Өскемен мен Семейде күндіз +5…+7°С жылы, түнде 0…-3°С аяз байқалады. Ұлытау мен Қарағандыаймағында түнде –1…–3°С, күндіз +5…+7°С күтіледі.

Батыс өңірлерінде жауын-шашынсыз күн райы басым. Оралда түнде 0°С шамасында, күндіз +16…+18°С. Атырауда ашық күн, күндіз +20…+22°С, Ақтөбеде +14…+16°С, ал Маңғыстау облысында ауа температурасы +21…+23°С дейін көтеріледі.

Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста күн жылы әрі көбіне жауын-шашынсыз. Алматы, Қонаев қалаларында және Жетісу облысында күн ашық, күндіз +15…+18°С. Шымкент пен Түркістанда ауа +21…+23°С-қа дейін жылынады. Қызылорда облысында жауын-шашынсыз, күндіз +17…+19°С, ал Жамбыл облысында +16…+18°С болады.