Күздің екінші айы енді басталды: Өскеменді қалың қар басып қалды (ВИДЕО)
Әлеуметтік желіде алғашқы қардың видеосы тарады

Күздің екінші айы енді басталды. Ал елімізде Өскемен қаласын қалың қар басып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Желідегі мәліметке сүйенсек, Өскемен қаласы мен Алтай аралығындағы жолды аппақ қар басы қалды.
Видеоның астына жергілікті тұрғындар ауа райының күрт бұзылғанын растап, түрлі пікір қалдырды.
«Бұл ескі видео емес. Бүгін осылай қар жауып тұр», «Қар жауатынын сезіп, көлігімнің дөңгелегін ауыстырып қойдым», «Қыс ерте келді ғой», «Қар жауғанмен, қазір еріп кетті», «Ылғи да осылай, бірақ артынан тез еріп кетеді», – деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, 2025 жылдың 1 қазанында алғашқы қар Таразда және Алматының Медеу шатқалында түскен еді. Ал бұған дейін, 29 қыркүйекте, Қостанай жерінде қалың қар жауды.