Әзербайжан Bayraktar дронының өндірісін бастады

Автор: Аягөз Құрмаш

Ол өнеркәсіп паркінен шығады

Фото: Global Look Press/Yulii Zozulia

Baykar Makina түрік компаниясының жергілікті еншілес кәсіпорны  Bayraktar Teknoloji Azerbaycan ұшқышсыз ұшу аппараттарын (ҰҰА) өндіруге кірісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Report агенттігінің мәліметінше, өндіріс осы жылдың мамыр айында резидент мәртебесін алған Сумгайыт өнеркәсіптік паркінде жүзеге асырылып жатыр.

Қазіргі уақытта өндірілген өнім ішкі нарыққа бағытталған.

Әзербайжан экономика министрлігіне қарасты мемлекеттік салық қызметі Bayraktar Teknoloji Azerbaycan компаниясын 2022 жылы тіркеген.

Жарғылық қоры 1,7 млн манатты құрайды. Компанияның заңды өкілі – Baykar Makina компаниясының үйлестірушісі Хүсейн Топуз.