03.10.2025, 15:17
Жаңалықтар
Ақтөбеде жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, жасөспірім көз жұмды
Қазіргі уақытта жол апатының себептері анықталып жатыр
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев
Ақтөбеде жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жол-көлік оқиғасы Рауан елді мекенінің маңындағы тасжолда болды. Жүк көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысты.
Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, апат салдарынан бес жолаушы жарақат алды. Өкінішке қарай, кәмелетке толмаған бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды.
Қазіргі уақытта жол апатының мән-жайы анықталып, себептері тексеріліп жатыр.
Көп оқылған
14.10.2026, 10:03
Карантин ене ме: Павлодарда оқушы туберкулез жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті
14.10.2026, 09:53
«Таңғы жетіде бойжеткенге интим ұсынған»: Астанада inDrive такси жүргізушісі сотталып кетті
14.10.2026, 15:49
Қар аралас жаңбыр жауып, үсік жүреді: Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт бұзылады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды