Оларға қатысты сот үкімі жарияланды
Жезқазған қалалық сотында заңсыз айналымға аса ірі көлемде есірткі енгізді деп айыпталған екі тұрғынға қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ұлытау облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сот анықтағандай, 2024 жылдың қазан айында Жезқазған тұрғыны А. Алматы облысының тұрғыны Б-мен Ұлытау облысында есірткі сату үшін марихуана сатып алуға келіседі. А. марихуананы Алматыдан алып, жеке көлігімен жеткізіп, үйінде сақтап, полиэтилен қапшықтарға бөліп қояды.
ҰҚК қызметкерлері жүргізген тінту барысында оның үйінен 14 келі 225 грамм кептірілген марихуана табылып, тәркіленді.
Ал Б-ның үйінде 2024 жылдың қарашасында 138,66 грамм марихуана да полиэтилен қаптарға салынып, сақталғаны анықталды.
Сот отырысында екі айыпталушы да есірткіні сату фактісін мойындамай, оны жеке тұтынуға арналғанын айтты. Дегенмен Б. ірі көлемдегі есірткіні сату мақсатынсыз сақтағанын мойындады.
Сот айыпталушылардың кәмелетке толмаған балалары барын жеңілдететін жағдай ретінде ескерді. Алайда Б-ның бұрын да қылмыс жасағаны анықталды.