Алматыда жыныстық қызмет көрсететін БДСМ-студия табылды
Ғимаратта жыныстық сипаттағы интимдік қызметтер көрсетілген

Алматыда жыныстық сипатта қызмет көрсетілетін БДСМ-студия табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алматы қаласында Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы элиталық тұрғын үй кешенінде жұмыс істеп тұрған БДСМ-студияны әшкереледі.
Ғимаратта жыныстық сипаттағы интимдік қызметтер көрсетілген. Жезөкшелікпен айналысқан әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ пәтер иесі анықталып, заңға сәйкес тиісті шаралар қабылданып жатыр.
«Мұндай деректер тұрақты түрде анықталып, жолын кесу жұмысы жүргізілетін болады. Біздің міндетіміз – қоғамдық моральды қорғау және осы саладағы құқықбұзушылықтардың алдын алу», – деді Алматы қалалық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Жанат Нұрғалиев.