Синоптиктер ескерту жасады
Синоптиктердің мәліметінше, бүгін, 3 қазанда, елдің жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл зиянды қоспалардың ауада таралмай, жерге жақын қабатта жиналып қалуына ықпал ететін бірқатар ауа райы факторымен байланысты.
«2025 жылдың 3 қазанында қолайсыз метеожағдайлар Орал, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Теміртау және Жезқазған қалаларында күтіледі», – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Қолайсыз метеожағдайлар (ҚМЖ) – бұл мынадай ауа райы құбылыстары:
Олар ластаушы заттардың таралуына кедергі келтіріп, шоғырлануына ықпал етеді. Бұл өз кезегінде ауа сапасының уақытша нашарлауына алып келеді, әсіресе тығыз құрылысы бар аудандар мен өнеркәсіптік аймақтарда байқалады.