Жыл соңына дейін тағы 50 млрд теңге жіберу жоспарланып отыр
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры «Қазатомөнеркәсіп» акционерлік қоғамынан түскен қаражатты Ұлттық қорға жіберді, деп хабарлады «Хабар 24»
Қалған 50 миллиард теңгені «Самұрық-Қазына» осы жылдың соңына дейін аударуды жоспарлап отыр.
«Самұрық Қазына» қоры ағымдағы жылы Ұлттық қорға 100 млрд теңге аударады. Оның ішінде елімізде қалыптасқан экономикалық жағдайды ескере отырып, 50 млрд теңге көлеміндегі бірінші бөлігі мерзімінен бұрын жіберілді», - деді «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Ернар Жанәділ.