«Елбасының жағдайы жақсы, Жеңіс парадын теледидардан көрді» – Айдос Үкібай

Нұрсұлтан Назарбаев оқшауланған

«Елбасының жағдайы жақсы, Жеңіс парадын теледидардан көрді» – Айдос Үкібай

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Тұңғыш Президенттің қазіргі жағдайы туралы айтты. Баспасөз хатшысының сөзінше, Н. Назарбаев дәрігерлердің барлық нұсқауын орындап келеді.

«Қазірге дейін БАҚ өкілдерінен Елбасының денсаулығына қатысты көптеген сауал келіп түсті. Нұрсұлтан Назарбаев өзін жақсы сезініп және дәрігерлердің нұсқауын толық орындап отырғанын айтқым келеді», - деп жазды А. Үкібай өзінің Twitter-парақшасында.

Ол сондай-ақ, Елбасының Жеңіс парадын теледидар арқылы тамашалағанын айтты.

«Өкінішке қарай, Тұңғыш Президент Жеңістің 75 жылдығына арналған парадқа қатыса алмады. Алайда, Елбасы Жеңіс парадын теледидардан тікелей эфирде көрді», - деп жазды ол.

Еске салайық, бұған дейін Елбасының коронавирус жұқтырып алғаны хабарланған болатын.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.