Ақордада Мажарстан президентін қарсы алу рәсімі өтті (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Екі елдің президенттері келіссөз жүргізеді

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Астанаға Мажарстан президенті Тамаш Шуйок келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ақорда» резиденциясында елімізге ресми сапармен келген Тамаш Шуйокты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.

Ақорданың мәліметінше, сапар аясында президенттер келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Мажарстан арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту перспективасын талқылайды.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тамаш Шуйок Digital Bridge 2025 халықаралық форумының пленарлық отырысына қатысады.