$ 549.15  643.88  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Қайрат» VS «Реал» ойыны кезінде өрт сөндірушілер де кезекшілікке шығатын болды

Стадион маңайында төтенше жағдайда әрекет ететін 60 қызметкер жүреді

«Қайрат» VS «Реал» ойыны кезінде өрт сөндірушілер де кезекшілікке шығатын болды
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Бүгін кешке Алматыда өтетін «Қайрат»-«Реал» арасындағы матч кезінде төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері де кезекшілікке шығады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Реал Мадрид» және «Қайрат» командаларының ойыны кезінде Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері күшейген режимде қызмет етеді. Матч өтетін орында мегаполистің төрт өрт сөндіру бөлімшесінің өрт сөндірушілері мен техникасы, сондай-ақ инженерлік-инспекторлық құрам өкілдерін, бәрін қосқанда, шамамен 60 қызметкер кезекшілік атқарады», - деп хабарлайды ТЖМ-ның баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, дәл қазір Алматыда бірнеше көше жабылған. Алматы қаласының полиция департаменті қоғамның қауіпсіздігін сақтау үшін және ойынды жоғары деңгейде ұйымдастыруға үлес қосу үшін Орталық стадион маңында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізеді.

Серіктес жаңалықтары