$ 549.06  644.87  6.66
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда ер адам есірткі қолданып, мопед жүргізіп бара жатқан жерінен ұсталды

«Қауіпсіз жол» іс-шарасы барысында анықталды

Алматыда ер адам есірткі қолданып, мопед жүргізіп бара жатқан жерінен ұсталды
Фото: Azattyq Rýhy

Алматыда полицейлер «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған мопед жүргізушісін ұстады. Ер адам полицияның заңды талабына бағынбай, қашуға әрекеттенгенімен, тәртіп сақшылары оны дер кезінде тоқтатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Медициналық сараптама нәтижесі

Жүргізушіге жасалған медициналық куәландыру оның есірткілік мас күйде болғанын көрсетті. Құқықбұзушыға қатысты іс материалдары сотқа жолданды. Ол көлік құралын басқару құқығынан айырылып, әкімшілік қамауға алынады. Мопед айыппұл тұрағына қойылды.

Полицияның ұстанымы

Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Жақыпбаев мас күйде көлік жүргізудің қауіптілігіне тоқталды:

«Мұндай деректерге жол беруге болмайды. Әр жүргізуші жолдағы қауіпсіздік үшін өзінің жауапкершілігін түсінуі тиіс. Мас күйде көлік басқару – адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қатер. Алматы полициясы мұндай құқықбұзушылықтарға қатаң түрде шара қолданатын болады. «Заң мен тәртіп» қағидаты біздің жұмысымызда әрдайым басты орында», – деді ол.

Серіктес жаңалықтары