Қостанай облысында әйелі мен баласын өлтірген ер адам ақыры ұсталды

Автор: Асыл Арман

Осы қылмысты жасады деген күдікпен 51 жастағы ер адам қолға түсті

Фото: Видеодан скрин

Қостанай облысының Әулиекөл ауданында әйелі мен баласын өлтірген ер адам ақыры қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Әулиекөл ауданында полицейлер отбасына аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 51 жастағы ер адамды ізін суытпай ұстады.

Күдікті кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу органдары барлық мән-жайды мұқият анықтап жатыр. Полиция қылмыс жазасыз қалмайтынын атап өтеді. Кінәлі заңға сәйкес қатаң жазаланады», – делінген облыстық Полиция департаментінің хабарламасында.

Айта кетейік, Аманқарағай ауылында болған қайғылы оқиға осыған дейін хабарланған.