Олар жуырда Нью-Йоркте кездесті
ҚР президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-тың 45-ші президенті Дональд Трамппен түскен жаңа суретін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тарихи сурет
Кадрда екі елдің басшылары қол алысып тұрған сәті бейнеленген. Жазбадағы дерекке қарағанда, бұл сурет жуырда Тоқаевтың Нью-Йоркке жасаған сапары барысында түсірілген.
Желдібай сондай-ақ Трамптың жанында жұбайы Мелания бейнеленген тағы бір фотосуретті жариялады.
Тоқаевтың Нью-Йоркке жұмыс сапары
Еске сала кетейік, жуырда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркке жұмыс сапарымен барды. Сапар аясында мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші мерейтойлық сессиясындағы Жалпы пікірталастарға қатысты.
Сонымен қатар Тоқаев шет мемлекеттердің лидерлерімен және халықаралық ұйымдардың басшыларымен келіссөздер жүргізді.