Ақтауда ер адам такси ретінде табыс тауып, күнін көремін деп жүріп сотты болды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Ақтауда тұрғынды заңсыз жолаушы тасымалдағаны үшін айыппұлмен жазалады

Фото: istockphoto.com

Маңғыстау облыстық сотының мәліметінше, Ақтаудағы арнайы әкімшілік сотта 14-ші шағынауданда заңсыз жолаушы тасымалдаған ер адамға қатысты іс қаралды. Ол кәсіпкер ретінде тіркелместен көлігімен такси болып, табыс тапқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Айыпталушының мойындауы жеңілдік әкелді

Сотта ер адам кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінгенін айтты. Бұл жағдай, сондай-ақ отбасылық жағдайы жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде ескерілді. Құжаттар мен әкімшілік хаттама құқықбұзушылықты толық дәлелдеді.

Айыппұл мөлшері қысқартылды

ҚР ӘҚБтК 463-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңсыз кәсіпкерлік үшін 15 АЕК (58 980 теңге) айыппұл қарастырылған. Алайда сот шешімімен айыппұл көлемі 30%-ға азайтылып, 41 286 теңге болып бекітілді.

Сот қаулысы әзірге заңды күшіне енген жоқ.