Жағымсыз оқиға Алматы-Атырау рейсінде болды
Белгілі әнші Бейбіт Қорған ішімдікке сылқия тойып алып, ұшақта шу шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жағымсыз оқиға туралы ақпаратты журналист Михаил Козачков Telegram парақшасында жазды.
Әнші Алматыдан Атырауға ұшып бара жатып, ұшақ бортында боқтық сөздер айтып, әуе компаниясының талаптарына бағынудан бас тартқан.
«Нәтижесінде музыкант полиция қызметкерлеріне тапсырылып, олар ұсақ бұзақылық және құқық қорғау органы қызметкерінің талабына бағынбау фактілері бойынша хаттама толтырды.
Бүгін ол Атыраудағы сот алдына келіп, аталған екі құқық бұзушылық бойынша кінәлі деп танылды. Оған 196 мың теңге көлемінде айыппұл салынды», – деп жазды журналист.