Президент министрге тапсырмалар жүктеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованы қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақорданың мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев кездесуде мемлекеттік және салалық бағдарламалар мен ұлттық жобаларды тиімді іске асырудың маңызды екенін атап өтті.
Сондай-ақ президент білім беру сапасын арттыру, саладағы өзекті мәселелерді уақтылы шешу және азаматтармен тығыз қарым-қатынас орнату қажеттігіне назар аударып, нақты міндеттер жүктеді.