Бас прокуратура өз ішінде болған ауыс-түйісті жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мемлекет басшысының өкімімен Жандос Өміралиев Қазақстан Республикасының бас прокурорының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Президенттің келісімі бойынша Бас Прокурордың бұйрықтарымен:
- Батыс Қазақстан облысының прокуроры – аға әділет кеңесшісі Ұласбекұлы Нұрбек.
- Маңғыстау облысының прокуроры – аға әділет кеңесшісі Құшалиев Серікқали Жанбыбекұлы тағайындалды.
Сондай-ақ, мемлекет басшысының келісімі бойынша бірқатар аумақтық прокурорлардың ротациясы жүргізілді:
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры – Әбдіров Нұрғалым Мәжитұлы;
- Бас көлік прокуроры – Жүйріктаев Берік Қуанышбекұлы;
- Атырау облысының прокуроры – Басшыбаев Мадияр Бекенұлы;
- Жамбыл облысының прокуроры – Әбілов Берік Рақатұлы;
- Жетісу облысының прокуроры – Жұмақанов Бауыржан Альбертұлы;
- Қостанай облысының прокуроры – Сексембаев Марат Исламханұлы;
- Павлодар облысының прокуроры – Байшолақов Алмат Мұратұлы;
- Шығыс Қазақстан облысының прокуроры – Сүлейменов Тимур Қайырбекұлы.