24 маусымға арналған ауа райы болжамы
Сәрсенбі күні кей жерлерде жаңбыр жауады, шығыста бұршақ жаууы мүмкін

Қазгидромет 24 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Қазақстанның кей жерлеріндк найзағаймен жаңбыр жауады, солтүстік-шығыста, шығыста бұршақ жаууы мүмкін. Республика бойынша кей жерлерде желдің күшеюі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді, күндіз кей жерлерде дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.
Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.
Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Алматы, күндіз Түркістан, Ақтөбе, Қостанай, түнде Ақмола, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Алматы, Маңғыстау облыстарында қатты ыстық сақталады, Атырау облысында қатты ыстық күтіледі.
Атырау, Қызылорда облыстарында, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.