29.09.2025, 10:54
Жаңалықтар
Қазақстанның қай өңірлеріндегі тасжолдарда көктайғақ болады
29 қыркүйекте еліміздің бірнеше өңірінде ауа райы нашарлайды
Фото: istockphoto.com
Қазақстанның қай өңірлеріндегі тасжолдарда көктайғақ болуы мүмкін екені айтылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мәліметінше, 29 қыркүйекте Қазақстанның бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райы күтіледі.
Қай өңірлерде жауын-шашын мен көктайғақ болады
Синоптиктер мына облыстарда жаңбыр мен қар жауатынын ескертті:
- Ақмола,
- Ақтөбе,
- Шығыс Қазақстан,
- Қарағанды,
- Қостанай,
- Абай,
- Жетісу.
Жолдарда көктайғақ болып, көлік қозғалысын айтарлықтай қиындатуы мүмкін.
Жүргізушілерге ескерту
Қауіпсіздік үшін автокөлік жүргізушілеріне мына кеңестер берілді:
- жылдамдықты қатаң сақтау,
- қашықтықты ұстау,
- күрт маневр мен тежегіштен бас тарту,
- жолдың тайғақ екенін және көрінудің шектеулі болатынын ескеру.
Ақпаратты қалай білуге болады
Қажет болған жағдайда жүргізушілер республикалық автожолдардың жағдайы туралы тәулік бойы 1403 бірыңғай колл-орталығына хабарласып, жедел ақпарат ала алады.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді