Көкпарлардың бірінде шабандоз сәйгүліктің жағын жыртып жіберді (ВИДЕО)

Автор: Мөлдір Қазыбай

Желіде таралған сурет жұртты шошытты

Фото: Видеодан скрин

Қазақстанда көкпар спорты төңірегінде дау шықты. Желіде жарыстардың бірінде оңбай жағы жыртылған алған сәйгүліктің суреті тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Суреттен жануарлардың ауызынан қан ағып тұрғаны, жағының жыртылып кеткені байқалады. Тартысты сәттердің бірінде шабандоздар тізгінді шамадан тыс тартып, салдарынан аттың жағына күш түсіп, ауыздығы жарақат салған.

Cmn.kz мәліметінше, желі қолданушылары ат клубтарын қатты сынға алды. Зооқорғаушылар мемлекеттік органдарға шағым қалдыруға және 2GIS сынды сервистерде қатаң пікір жазуға шақырып отыр.

Алайда аудиторияның бір бөлігі мұндай үндеулерге қарсы шықты. Олар белсенділерді «ұлттық мәдениетті қаралау» деп айыптап, «көкпар – халықтың тарихы мен мақтанышы» екенін еске салуда.

Ал қарсы тарап ойын сынға алып: дәстүр қатыгездікті қолдамайтынын, егер аттар әлі де жарақат алып жүрсе, ережені өзгерту немесе көкпардан мүлде бас тарту қажет деген ұстанымын білдірді.

Тегтер: