$ 544.26  634.72  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы облысында 2,1 мың апорт көшеті өсірілді

Былтыр 60 мың Сиверс жабайы алмасының тұқымы жиналды

Алматы облысында 2,1 мың апорт көшеті өсірілді
Фото: © istockphoto.com

Алматы облысының Талғар ауданында 2,1 мың апорт алмасының көшеті өсірілді. деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Апортты қайта жаңғырту жобасы

Министр Айдарбек Сапаров Талғардағы Қазақ жеміс-жидек және жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының аймақтық филиалында болып, «Апорт» алмасын қайта жаңғырту жобасының іске асырылу барысын талқылады.

Кездесуде 2025–2028 жылдарға арналған «Апорт алмасын қайта жаңғырту жол картасының» орындалу барысы қаралып, проблемалар мен оларды шешу жолдары талқыланды.

Алынған нәтижелер

  • 2024 жылы Жоңғар Алатауы ұлттық паркінде 60 мың Сиверс жабайы алмасының тұқымыжиналып, 0,7 гектар жерге питомник салынды.
  •  2025 жылдың ақпанында 0,5 гектар аумақта қысқы копулировка жүргізілді.
  •  Қазіргі таңда 2100 апорт көшеті дайындалды.
  • Биылғы күзде 10 гектар алма бағы отырғызылады.
  •  2027 жылға қарай апорт алмасының жалпы алқабы 110 гектарға жетпек.

Тарихи мұра ретінде апорт

Апорт – Алматы өңірінің бренді әрі Қазақстанның мәдени мұрасы саналады. ХХ ғасырда оның даңқы әлемге жайылып, ерекше дәмі мен ірілігімен танымал болды. Алайда соңғы онжылдықтарда апорт алмасының өнімділігі төмендеп, арнайы мемлекеттік бағдарлама қабылданды.

Президенттің 2024 жылғы тапсырмасынан кейін апортты қалпына келтіру жұмыстары қарқынды түрде қолға алынды. Биылғы жетістіктер осы жобаның нақты нәтижелерін көрсетіп отыр.

Серіктес жаңалықтары