$ 544.26  634.72  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Оралда 5 адам мен кішкентай бала лифтте қамалып қалды

Олар аман-есен босатылды

Оралда 5 адам мен кішкентай бала лифтте қамалып қалды
Фото: ТЖМ

Орал қаласында көпқабатты үйдің тұрғындары лифт ішінде тұрып қалды. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында бес ересек пен бір сәби аман-есен босатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Оқиға қалай болды?

Төтенше жағдай 27 қыркүйекке қараған түні болды. 112 қызметіне хабарласқан тұрғындардың айтуынша, лифт кенеттен 6 мен 7-қабаттың арасында тоқтап қалған. Кабина ішінде бес ересек және 2025 жылы туған бір сәби болған.

«Құтқарушылар арнайы лифтік кілттің көмегімен есікті ашып, тұрғындарды қауіпсіз жерге шығарды. Операция бірнеше минуттың ішінде сәтті аяқталды», – деп хабарлады ТЖМ.

Зардап шеккендер жоқ

Мамандардың дерегінше, ешкім медициналық көмекке жүгінбеген, тұрғындардың жағдайы қанағаттанарлық. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Лифт қауіпсіздігіне қатысты ескерту

Мамандар тұрғындарға лифтіні қолданғанда қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді:

  •  Егер лифт кенет тоқтап қалса, дүрбелеңге берілмей, 112 қызметіне қоңырау шалу қажет.
  • Қолмен есікті ашуға тырыспау керек.
  • Балаларға лифтте ересектерсіз жүруге болмайды.
  • Техникалық ақаулар туралы басқарушы компанияға хабарлау қажет.
Серіктес жаңалықтары