Елена Рыбакина Бейжің турнирінен шығып қалды
WTA-1000 турнирінің үшінші айналымында ол неміс теннисшісіне есе жіберді

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Бейжіңде өтіп жатқан ірі WTA-1000 турнирінде сенсациялық түрде жарысты ерте аяқтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Үшінші айналымда Рыбакина әлемдік рейтингте 66-орында тұрған неміс спортшысы Ева Лискеқарсы шығып, үш сет қорытындысы бойынша ұтылды:
- 3:6,
- 6:1,
- 4:6.
Бұл жеңіліс қазақстандық теннисшінің турнирдегі жорығын тоқтатты. Ал Ева Лис 1/8 финалға жолдама алды.
Бұған дейінгі кездесулер
Елена Рыбакина жарыстың екінші айналымында америкалық Кэти Макнэллиді жеңген болатын. Ол кездесуде есеп – 7:5, 4:6, 6:3 болып тіркелген.
Биылғы Бейжіңдегі WTA-1000 турнирінің жалпы жүлде қоры 9 млн долларға жуық. Жеңімпаз теннисші 1 млн доллардан астам қаржы және 1000 рейтингтік ұпай иеленеді.