$ 544.26  634.72  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Саран қаласында көпқабатты үйде шыққан алапат өрттен 4 адам ажал құша жаздады

Өрт сөндірушілер 4 адам мен 1 мысықты құтқарды

Саран қаласында көпқабатты үйде шыққан алапат өрттен 4 адам ажал құша жаздады
Фото: ҚР ТЖМ

Қарағанды облысының Саран қаласында көпқабатты үйден шыққан алапат өрттен 4 адам ажал құша жаздады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҚР ТЖМ мәліметінше, өрт Жамбыл көшесіндегі үш қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерден шықты.

Жалын тұрмыстық заттар мен жиһазды, сондай-ақ балкондағы пластик терезе блогын шарпыды. Өрттің жалпы аумағы шамамен 7 шаршы метрді құрады.

«Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ құтқарушылары баспалдақ маршы арқылы 4 адамды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялап, үй ішінде қалған мысықты құтқарды. Өртті сөндіру барысында балконнан екі газ баллоны шығарылып, ықтимал жарылыстың алдын алды. Өрт толығымен сөндірілді.

Жедел жәрдем бригадасы үшінші қабаттағы пәтер иесін ауруханаға жеткізді. Жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда.

Пәтер тұрғыны ТЖМ қызметкерлеріне кәсібилегі мен жедел әрекеті үшін #алғыс білдірді», - делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары