Жол апаттарынан тағы 1000-нан астамы жарақат алған
Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Олжас Ибрайымовтың мәліметінше, жыл басынан бері өңірде 886 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Апаттар салдарынан 52 адам қаза тауып, 1000-нан астамы жарақат алған. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі «Мой город» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Басылым мәліметінше, жол апаттарының негізгі себептері – жылдамдықты асыру, дұрыс емес маневр жасау, қызыл шамға өту және жаяу жүргіншілер өткелінде сақтықтың болмауы.
Акцияның алғашқы аптасында 2000-нан астам жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі анықталды. Олардың ішінде:
Полиция өкілдері жүргізушілерді, соның ішінде скутер, мопед және самокат жүргізушілері жолда мұқият болуға және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Ал жаяу жүргіншілерге жолды тек белгіленген жерден өтіп, басқа орындарда қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді.