$ 544.26  634.72  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада LRT пойыздарының сынақтан өтіп жатқан видеосы тарады

Әкімнің айтуынша, алғашқы сынақтар бір-екі станция арасында бір апта бойы жалғасады

Астанада LRT пойыздарының сынақтан өтіп жатқан видеосы тарады
Фото: Видеодан скрин

Әлеуметтік желіде Астанада жеңіл рельсті көлік (LRT) станцияларын сынақтан өткізу басталғаны туралы видео жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кадрда пойыздың рельс бойымен жүріп бара жатқаны көрінеді.

«LRT вагондарын біртіндеп сынақтан өткізіп жатыр», – делінген видео жазбасында.

Осыған дейін Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Мәжіліс кулуарында LRT-ның сынақ түрінде іске қосылуы 29-30 қыркүйекке жоспарланғанын, ол бірнеше станция аралығында, нақтырақ айтқанда «Абу-Даби» станциясы мен Мәңгілік Ел көпірі бағыты бойынша өтетінін айтқан болатын.

Әкімнің айтуынша, алғашқы сынақтар бір-екі станция арасында бір апта бойы жалғасады. Жалпы сынақ мерзімі 3-тен 6 айға дейін есептелген. Қазан айында тағы 8 пойыз келеді, ал желтоқсанға дейін барлық 18 құрам жеткізіледі.

Қала басшысының сөзінше, сынақ сәтті өтіп жатса, LRT 2026 жылдың басында іске қосылады.

Серіктес жаңалықтары