Ол 59 жасында өмірден өтті
Ресейлік режиссер әрі тележүргізуші Тигран Кеосаян қайтыс болды. Бұл туралы әлеуметтік желіде оның жары Маргарита Симоньян хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.
«Бүгін түнде Тигран Жаратушысына кетті», – деп жазды Симоньян өзінің Telegram-арнасында.
Тигран Кеосаян – RT телеарнасының, «Россия сегодня» халықаралық ақпарат агенттігінің және Sputnik агенттігінің бас редакторы Маргарита Симоньянның жұбайы болған.
Ол 59 жасында өмірден өтті. 2025 жылдың қаңтар айында Симоньянның айтуынша, Кеосаян клиникалық өлімді бастан кешіріп, комаға түскен. Ол содан бері есін жимай кеткен.